Жоламанов ісі: Негізгі күдіктілердің куәгерлерге айналу себебі айтылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Астанада сот ҚР ҰҚК Шекара қызметі экс-басшысының ісі бойынша материалдарды қарауды жалғастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада сот ҚР ҰҚК Шекара қызметі экс-басшысының ісі бойынша материалдарды қарауды жалғастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Нұрлан Жоламановтың адвокаттары 10 ақпан күні отырыста Шекара қызметі экс-басшысының ісі бойынша негізгі куәгерлерге қатысты қылмыстық қудалаудың тоқтатылу себептерін жария етуге өтініш білдірді. Өтініш қанағаттандырылды. 

Адвокаттар іс материалдарының мәліметтерін толық жария етті. "2014 жылдың 15 қазанында Қилыбасов Жоламанов пен оның ұйымдасқан қылмыстық тобының заңға қайшы әрекеттері туралы мәлімдеме жасады. Ол Жоламановтың қылмыстық әрекетін әшкерелеу жөніндегі арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізуге белсенді түрде ықпал етті. 27 қазан күні Жоламанов пен Қилыбасовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сөйтіп, Қилыбасовтың әрекетінен қызмет бабын пайдалана отырып, бір немесе бірнеше қылмысты жасау және ақша түрінде пара алу мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу белгілері қарастырылды", - делінген адвокаттар жария еткен іс материалдарында. 

Алдын ала тергеу барысында күдікті Қилыбасов өкініш білдіріп, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі ретінде "кассир" міндетін атқарғанын айтты. 

"Жоламанов берген өзінің қылмыстық роліне сәйкес, ол жеткізушілермен тікелей байланыс жасаған, оларды бекітілген келісімшарттар үшін пара беруге міндеттеген, жеткізушілерге қорған болып, олардан пара ретінде алынған ақшаны бастығы Жоламановқа берген. Қилыбасовтың жауаптары бойынша Жоламановтың ролі, пара көлемі мен оны Жоламановқа берудің амалдары, деректі растаған куәгерлер анықталды. Қилыбасов Жоламановпен тікелей байланыс жасаған адам болғандықтан оның өз қылмыстық әрекетін мойындаған жауаптары істегі шешуші жайт саналады. Сондай-ақ қылмыс механизмі ашылғандықтан Қилыбасовтың мойындау жауаптары маңызды дәлел сипатына ие. Сонымен бірге ол тергеу органдарына пара ретінде заңсыз алынған 23 миллион теңгені қайтарды", - делінген материалдарда. 

Іс материалдары бойынша тергеуші Қилыбасовқа қатысты тергеу нәтижелерінде жеткілікті негіз бар - ол өз әрекеті үшін өкініш білдірді, қылмыстың басқа қатысушыларының ісін әшкерелеуге көмектесті, сөйтіп, өкініш білдіруіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуға жатады деп шешті. 

Тағы бір куәгерге байланысты іс материалдарының мән-жайы да жария етілді. "Тергеу барысында күдікті Сембаев өкініш білдірді. ҰҚК Шекара қызметі орталық аппараты мемлекеттік сатып алулар басқармасы бола отырып, конкурс өктенге дейін Жоламанов көрсеткен, келісімшарттарды бекіткен соң артылған ақша түрінде пара берудің әдістерін табуға келіскен компанияларды алдын ала жеңімпаз деп анықтаған. Ол "кассир" ролін атқарды. Сембаевтың жауаптары іс бойынша дәлел мәнге ие, сонымен бірге ол тергеу органдарына пара ретінде заңсыз алынған екі миллион 100 мың теңге және 38 мың 900 долларды өз еркімен қайтарды. Сембаевқа қатысты тергеу нәтижелері - ол өкініш білдірді, топ болып жасалған ауыр және аса ауыр қылмыстарды тергеуге және оған қатысы барларды әшкерелеуге белсенді ықпал етті", - делінген іс материалдарында. 

Еске сала кетейік, 26 қаңтар күні Астанада ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановтың ісі бойынша сот отырысы басталған еді. Істің бір фигуранты - Алматыдағы №2458 әскери бөлімнің командирі Қайрат Балмағамбетов. Жоламанов пен Балмағамбетов ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және аса ірі көлемде пара алды деп айыпталып отыр. Айып бойынша Жоламанов 300 мың доллардан астам пара алған, ол 2014 жылдың қазан айынан бері қамауда отыр.

Оның алдында сотта Жоламанов өзіне тағылған айыпты мойындамады, ол мұны саяси тапсырыс деп атады. Балмағамбетов кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 504.72  course up  546.79  course up  5.9  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer