13 наурыз 2017 18:26

ШҚО-да балалар киімін сататын дүкендегі ұрлық видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© penzainform.ru © penzainform.ru

Өскемен тұрғыны бақылау камералары түсіріп алған ұры әйелді табуға көмек сұрайды. Сатушы дүкенге келушілерге киім таңдауға көмектесіп жатқанда, қаскүнем кассадағы қаражатты алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Балалар киімін сататын дүкеннің сатушысы "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде сатып алушының ақша тұрған қорапты ақтарып жатқанын түсіріп алған видеоны жариялаған. 

"Біз әзірге полицияға хабар берген жоқпыз, қазір біз деректерді жинап жатырмыз. Қыздың кім екенін әлі анықтаған жоқпыз", - дейді дүкен қызметкері. 

Соған қарамастан құқық қорғау органдары осы видеоны зерттеуге алған. 

"Бізге мұндай оқиға туралы мәлімет түскен жоқ. Біз қазір әлеуметтік желіде жарияланған видеоны зерттеп жатырмыз, қажетті тексеру жұмыстары жүргізіледі", - деді ШҚО ІІД-нің өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети