Шығыс Қазақстан облысында баласын құтқармақ болып суға батып кеткен имамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысында баласын құтқармақ болып суға батып кеткен имамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жергілікті тұрғындар құтқарушылар мен полиция қызметкерлерімен біріге отырып, 1982 жылғы ер адамның денесін тапты. Қайғылы оқиға болғалы бері шамамен 50 адам имам мен оның екі баласының денелерін іздеген болатын. Баланың денесі 1 тамызда табылды. Қазіргі уақытта 1999 жылғы баланың денесі іздестіріліп жатыр", - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.
Еске сала кетейік, мұның алдында ШҚО-да имам мен оның екі баласының суға батып кеткені хабарланған болатын. Куәгерлердің айтуынша, барлығы тез уақыт ішінде болған. Ер адам да, оның ұлы да су ағынына төтеп бере алмапты.
Ал 1 тамызда суға батып кеткен имамның баласының денесі табылғаны хабарланған еді.