10 қазан 2021 13:03

ШҚО-да жантүршігерлік апаттан бес адам, оның ішінде бір жасар бала қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам, оның ішінде бір жасар бала қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам, оның ішінде бір жасар бала қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін түнде Ladа көлігінің 45 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Көлік Абай ауданының Қарауыл ауылынан Саржал ауылына қарай бара жатқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізушінің өзі және 39, 36 және 35 жастағы төрт жолаушысы, сондай-ақ бір жарым жасар бала оқиға орнында қаза болды. Тағы бір 35 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді, онда оған қажетті медициналық көмек көрсетті", - деді Полиция департаментінің өкілдері.

Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4 бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") соталды тергеу басталды.

"Қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қажетті сот-медициналық сараптамалар жүргізіледі", - деп толықтырды полициядағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети