29 сәуір 2019 12:07

ШҚО-да жол апатынан 6 адам қаза тапты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© altaynews.kz © altaynews.kz

Семей-Қарауыл тас жолында болған жол апатынан алты адам қаза болды. Арасында бір жасар бала бар. Тағы 8 адам түрлі дене жарақатын алды, - деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Семей-Қарауыл тас жолында болған жол апатынан алты адам қаза болды. Арасында бір жасар бала бар. Тағы 8 адам түрлі дене жарақатын алды, - деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қайғылы оқиға 28 сәуірде сағат 17.00 шамасында болған. Бұл жөнінде ақпарат әлеуметтік желілерде тарап жатыр. 

LADA Priora автокөлігі Семей қаласынан шыққан. Көлікті 34 жастағы әйел басқарып отырған. Онда барлығы 9 адам, оның ішінде төрт бала болған. Оларға қарама-қарсы бағытта Қарауыл жақтан келе жатқан Toyota Corolla автокөлігі шығады. Көлік тізгінінде 45 жастағы ер адам отырған. Онда төрт жолаушы болған.

Тас жолдың 92/89 шақырымында екі көлік соқтығысқан. Алдын ала берілген ақпарат бойынша, Toyota Corolla көлігінің жүргізушісі алдындағы көлікті басып озамын деп қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, LADA Priora автокөлігіне соғылады.

Салдарынан, LADA Priora көлігінде отырған үш адам қаза тапқан, оның ішінде бір жасар бала бар. Toyota көлігіндегі тағы үш жолаушы көз жұмған. Одан бөлек 8 адам түрлі жарақаттар алған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети