1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

ШҚО-да қар құрсауында қалып қойған 11 бала құтқарылды 01 наурыз 2021, 11:45

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар өткен түні қар құрсауынан 137 адамды құтқарды. Оның ішінде 11-і бала, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар өткен түні қар құрсауынан 137 адамды құтқарды. Оның ішінде 11-і бала, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстанда күшті боран мен желдің секундына 28 метрге дейін соғуына байланысты барлық бағыт бойынша жолдар жабылды. Ал одан бұрын үйден шығып кеткен адамдар жолда қалып қойған. Әсіресе, Семей - Қарауыл, Өскемен - Семей және Семей - Алматы тасжолында жағдай нашар. 

"Өткен түнде Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайларды бақылау департаменті қызметкерлері 137 адамды құтқарды, оның 11-і бала. Бұлақ ауылындағы мектепке 30-дан аса адам, төрт бала және қонақүйге 33 адам орналастырылды. Семей қаласында құтқарушылар 18 көлікті жақын елді мекендерге, 40 жолаушысы бар тағы 2 автобусты Семейге дейін шығарып салды", - деп хабарлады ШҚО ТЖД өкілдері.

Қазіргі уақытта құтқарушылар азаматтарға әлі де көмек көрсетіп жатыр. 15 жол учаскесі жабық, оның 10-ы республикалық, бесеуі облыстық маңызы бар жол.

Төтенше жағдайлар департаменті Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарына ауа райына байланысты ескерту жариялап, елді мекендерден шұғыл қажет болмаса, шығуға болмайтынын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!