ШҚО-да шахтада жұмысшы қаза тапты

13 Шілде, 16:22
0
ШҚО-да шахтада жұмысшы қаза тапты - Сурет: Tengrinews.kz
Сурет: Tengrinews.kz

ШҚО-да шахтада жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы бойынша корпоративтік байланыстар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

KAZ Minerals мәліметтері бойынша, қайғылы оқиға 13 шілдеде сағат 03.00 шамасында "Востокцветмет" ЖШС Орлов шахтасының аумағында болған.

"Тау-кен массасының опырылуы салдарынан Орлов шахтасының бекітушісі қатты жарақат алып, қайтыс болды. Тағы бір зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, оның өміріне еш қауіп жоқ. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, қайғылы оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқан адамның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай