СҚО-да полиция саяжайларды квадроциклмен аралайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО-да полиция саяжайларды квадроциклмен аралайды Фотоны СҚО ПД баспасөз қызметі ұсынған

СҚО-да полиция автопаркі жаңартылып, қатары тек жеңіл көліктермен емес, төрт квадроциклмен толықты, деп хабарлайды Tengri Auto.


СҚО-да полиция автопаркі жаңартылып, қатары тек жеңіл көліктермен емес, төрт квадроциклмен толықты, деп хабарлайды Tengri Auto.

Ақпаратқа сәйкес, квадроциклдер қарапайым көлік жүре алмайтын қиын учаскелерге арналған. Оның екеуін Петропавл ПБ қызметкерлері саяжайларды патрульдеу үшін пайдаланады, ал қалғандары Айыртау ауданының туристік полициясына беріледі.

Қазақстан полициясы тағы қандай көлікпен жүреді?

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда мотопатрульдер іске қосылған. Енді мотоцикл мінген қызметкерлер жолдардағы жағдайды бақылап, ереже бұзғандарды анықтайды және көлік кептелісін азайтуға көмектеседі.

Бұған дейін Алматыда самокат патрулі де пайда болған еді. Тәртіп сақшылары қала көшелеріне электрсамокатпен шығып, осы көлік түрін тізгіндегендерді тексере бастады. Бір күннің ішінде 70-ке жуық ережебұзушылық анықталды, оның ішінде самокатты кәмелетке толмағандардың басқару фактілері де бар.

Негізінен, жиі кездесетін заңбұзушылықтар тіркелді: бір самокатқа екі адамның мінгесуі, тротуардың орнына жолға шығу, ережелерді елемеу және көлік ағынында қауіпті әрекеттер жасау. Патрульдеудің бұл форматы өте қолайлы болды - самокатпен орталық көшелерде жүру және ережебұзушылықтар жиі болатын аймақтарды бақылау әлдеқайда оңай.

Сонымен қатар Қазақстанда патрульдеудің басқа да ерекше форматтары болған. Мысалы, 2024 жылы ШҚО-да полицейлер Segway мінді. Оған дейін олар көлік ағынында сенімді жүру және қала жағдайында осындай көлікпен жұмыс істеу үшін арнайы оқудан өтті.

Мұндай патрульдер көбінесе саябақтарда, жағалауларда және жаяу жүргіншілер көп жиналатын жерлерде қолданылды. Сегвейлер адамдарға кедергі келтірмей жылдам қозғалуға, сондай-ақ автокөлік жүре алмайтын жерлерде мобилділікті сақтауға мүмкіндік берді.

Тағы оқыңыз: Алматылықтар адам өлімі болған жол апатынан кейін әл-Фараби даңғылында қоршау орнатуды сұрады

TengriAuto