20 қазан 2021 17:30

ШҚО-да төрт бала уланып қалған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында бір отбасының төрт баласы улы газдан уланып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін Шығыс Қазақстан облысында бір отбасының төрт баласы улы газдан уланып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауылында болды. Төрт адам улы газдан уланып, барлығы ауруханаға жатқызылды, 15 жастағы қыздың жағдайы ауыр.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, зардап шеккендер - 2010, 2002 және 2000 жылы туған ер балалар және көп мөлшерде зардап шеккен 2006 жылы туған қыз бала.

"Балалар таңғы сағат жетіде ауруханаға түсті, ата-ана медициналық көмекке жүгінбеген. Зардап шеккен үш адамның жағдайы орташа, қыздың жағдайы әлі ауыр. Барлығы ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Тамызда ШҚО ТЖД қызметкерлері осы үйдің тұрғындарына пешті жылыту маусымына дайындау қажет екенін ескерткен, бірақ үй иелері өрт сөндірушілердің кеңесіне құлақ аспаған.

"Сынақ зертханасының қызметкерлері тұрғын үйде көміртегі тотығының құрамын арнайы аспаппен өлшеді. Аспап улы газдың бар екенін көрсетті, содан кейін бөлмелер желдетілді", - деп хабарлады ШҚО ТЖД.

Құтқарушылар Шығыс Қазақстандағы 82 мыңнан астам үйді аралап шықты. Бірақ бәрі бірдей ұсыныстарды тыңдамайды. Былтыр жылыту маусымында өңірде 76 адам зардап шеккен, олар да құтқарушылардың ескертулерін елемеген.

Бұған дейін ШҚО-ның Аягөз қаласында улы газ әйел мен оның 12 жастағы ұлының өліміне себеп болғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети