09 қыркүйек 2020 09:08

ШҚО-дағы KAZ Minerals құрылысы кезінде қайғылы оқиға болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: delovoysaratov.ru Иллюстрациялық фото: delovoysaratov.ru

Шығыс Қазақстан облысындағы KAZ Minerals фабрикасының құрылыс алаңында қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысындағы KAZ Minerals фабрикасының құрылыс алаңында қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"KAZ Minerals тобы Шығыс Қазақстан облысында Ақтоғай кен орнындағы екінші қайта өңдеу зауытының құрылысында болған қайғылы оқиға туралы қайғыра хабарлайды. 7 қыркүйекте кешкі сағат он шамасында монтаж жұмыстары кезінде мердігер компания - ICG қызметкері биіктен құлап кетті. Салдарынан ол жарақаттар алып, қаза тапты", - делінген хабарламада.

Оқиға орнында жұмыс тоқтатылған. Қайғылы жағдайдың себебі анықталып жатыр. Оны тексеру үшін арнайы комиссия құрылған. 

KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқан қызметкерінің отбасына көңіл айтты. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети