25 тамыз 2020 13:15

ШҚО станциясында вагондар соқтығысып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

ШҚО станциясында вагондар соқтығысып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ШҚО станциясында вагондар соқтығысып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 тамызда сағат 8.15-те Жақсыбұлақ станциясында (ШҚО, Аягөз ауданы) қатты желдің салдарынан станцияда тұрған жүк вагондары өздігінен орындарынан қозғалып, келіп қалған №3471 жүк пойызына қарсы жылжи бастаған. 

"Салдарынан 23 вагон рельстен шығып кеткен. Локомотивтен өрт шыққан. Опат болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орын алған жерге Балқаш, Ақтоғай станцияларынан қалпына келтіру және өртсөндіру пойыздары жөнелтілді. Жағдайдың себеп-салдарын тексеру үшін оқиға орынына арнайы комиссия жолға шықты. 

Оқиға салдарынан "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Достық" қатынасындағы №54 пойызы кешікті. Аталған пойыз жолаушыларының жол жүру құжаттарында (билеттерде) көрсетілген межелі жерлеріне жетуі үшін автобустармен тасымалдау ұйымдастырылып жатыр", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети