03 сәуір 2015 10:38

Шығыс Қазақстанда 25 бас жылқы жоғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Panaramio.com © Panaramio.com

Шығыс Қазақстан облысында бір табын жылқы жоғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицейлер жоғалған 25 бас жылқыны бір тәулікте тауып берді.


Шығыс Қазақстан облысында бір табын жылқы жоғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицейлер жоғалған 25 бас жылқыны бір тәулікте тауып берді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 сәуір күні Аягөз аудандық полициясына бір табын жылқының жоғалғанын айтып Бидайық ауылына жақын жердегі қыстақтан жергілікті шаруа қожалығының басшысы барған. Оның сөзіне қарағанда, 25 бас мал 25 наурызда жоғалған. Шығынның көлемі 4 миллион теңге деп бағаланды.

"Шаруа қожалығындағылар бір апта бойы жоғалған малды өздері іздеген. Ешқандай із табылмаған соң, жеті күн өткенде ғана полицияның көмегіне жүгінді. Аягөз аудандық ішкі істер бөлімінде бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, үш іздестіру тобы құрылды. Мамандар шұғыл түрде шара қолданып, жоғалған малдарды әр бағытта іздей бастады. Полицейлер хабар келіп түскеннен кейін 1 тәуліктің ішінде 25 жылқыны сайлардың бірінен тауып, шаруа қожалығына қайтарды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында полицейлердің жоғалған 31 бас жылқыны тауып бергені хабарланған болатын. 10 қаңтарда Ақкөл аудандық ішкі істер бөліміне Қына ауылының тұрғынынан 31 бас жылқының жоғалып кеткені жайлы арыз түсті. Оның айтуынша, өткен жылдың 29 қаңтарында ауыл маңынан түрлі жастағы жылқылар жоғалып кеткен. Олар өрісте бос жайылып жүрген. Жылқылардың иелері оларды бірнеше күн бойы іздеп, таппай қойғаннан кейін полицияға хабар берген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети