Шығыс Қазақстанда бір үйір қасқыр малды қырып кетті

15 Шілде 2015, 09:55
0
Шығыс Қазақстанда бір үйір қасқыр малды қырып кетті - © elarna.com
© elarna.com

Тарбағатай ауданында бір үйір қасқыр түнде қойларға шапты, - деп хабарлайды YK-news.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, жыртқыштардың малдарға тап бергені туралы хабар Ақжар ауылындағы шаруа қожалығынан келіп түскен. 14 шілдеге қараған түні бір үйір қасқыр бір отар қойға шауып, 20 бас қой қырылды. Сонымен қатар, 53 бас жарақат алып, 50 бас қой әлі іздестіріліп жатыр.

Оқиға болған жерде ветеринария мен аудандық ІІБ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай