16 сәуір 2015 14:36

Шығыс Қазақстанда қызметтік көлігімен еңбек демалысына кеткен бас дәрігерді жұмыстан шығару ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© hq-wallpapers.ru © hq-wallpapers.ru

Шығыс Қазақстанда қызметтік көлігімен еңбек демалысына кеткен бас дәрігерді жұмыстан шығару ұсынылды, - деп хабарлайды YK-avto.kz.


Шығыс Қазақстанда қызметтік көлігімен еңбек демалысына кеткен бас дәрігерді жұмыстан шығару ұсынылды, - деп хабарлайды YK-avto.kz.

Порталдың мәліметінше, Тарбағатай ауданаралық ауруханасының бас дәрігері жұмыстан тыс уақытта қызметтік көлігімен шипажайға жол тартқан. ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметі бойынша, бас дәрігер Дүйсебаев еңбек демалысы кезінде "Мойылды" шипажайына қызметтік көлікпен барған. Ал бұл "Мемлекеттік қызмет туралы" заңды бұзу болып есептеледі.

"Денсаулық сақтау басқармасының басшысына Дүйсебаевты жұмыстан шығару түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылды", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтауда "жедел жәрдем" жүргізушілері бастықтарын тойларға таситынын айтқаннан кейін БАҚ-тың назарына іліккен еді. "Біздің ауысымда барлығы 17 көлік бар. Кейде шақыртуларға үлгермейміз, ал біздің басшы отбасын алып Жаңаөзенге тойға кетті. Оны біздің жүргізуші Амандық Мұратқали жұмыс кезінде апарып тастады. Бас дәрігерді алып қайту үшін күні бойы күтіп отырды", - деді жүргізуші Көңлімқос Сәрсенов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети