20 қаңтар 2014 15:21

Шығыс Қазақстанда шаруа қожалықтарын су тасқыны басты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Шығыс Қазақстан облысында - Қалғұты өзені тасып, Күршім ауданындағы бірнеше шаруа қожалығының аумағын басып қалды деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. "Тасыған өзен суы үш шаруа қожалығының аумағы мен құрылыстарын, үш тұрғын үйді, үш қора-жайды басып қалды. Бұл шаруашылықтарда жалпы саны 1300 бас ұсақ жандық, 425 бас ірі қара бар. Бүгінде бір қожалықтың малы Ақши елді мекеніне айдалып, ауыл тұрғындарының қораларына қамалды", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, су тасқынына Қалғұты өзенінің автокөлік көпірі тұсындағы арнасын бұрып жіберу себеп болуы мүмкін, бұл 2013 жылы Ақши елді мекенін тасыған өзен суы қаупінен сақтау үшін жасалған болатын. "Ауылдық округ басшылығының ақпаратына қарағанда, былтыр осы жұмыстар жасалғаннан кейін аталған шаруашылық қожайындарына тасқын басу қаупі туралы ауызша және жазбаша ескерту берілген", - дейді төтенше жағдайлар қызметкерлері. Бұған дейін облыста су тасқыны жағдайлары ғарыштан басқарылатыны туралы хабарланған еді. Күннің жылынып кетуі мен қардың күрт еруі жалпы саны 80 мың адам тұратын 157 елді мекенге қауіп туғызып тұр. Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны өзендер деңгейінің көтерілуінен ғана емес, қардың қалың жаууы салдарынан да болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети