10 сәуір 2014 12:27

Шымкент тұрғыны жарылыс кезінде табанынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жарылыс Чапаевка ауылында болған.  ©ktk.kz Жарылыс Чапаевка ауылында болған. ©ktk.kz

Шымкент тұрғыны қолдан жасалған жарылғыш затының салдарынан табан сүйегінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкент тұрғыны қолдан жасалған жарылғыш затының салдарынан табан сүйегінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жарылыс бойынша "Адам өміріне қастандық келтірді" деген баппен қылмыстық іс қозғалуда. Жарылыстың салдарынан 25 жастағы Чапаевка тұрғыны зардап шеккен. Қолдан жасалған жарылғыш жігіттің оң аяқ табанының жартысын жұлып кеткен. Дәрігерлер зардап шеккен азаматты емханаға жеткізіп, жылдам операция жасаған. "Операция барысында зардап шеккен азаматтың оң аяқ табан сүйегі жұлынып кеткені, көп мөлшерде қан жоғалтқаны және көптеген ұсақ жарақаттар алғаны анықталды. Жарақат алған азаматқа біз жылдам хирургиялық көмек көрсеттік", - дейді Жедел жәрдем көрсету емханасының кезекші бөлім меңгерушісі Сәбит Байбосынов.

Қазіргі уақытта ол азамат травматология бөлімінде жатыр. "Мен бильярд клубынан үйге қайтып келе жатқан едім. Үйдің есігіне жақындай бергенімде жарылыс болды. Содан кейін аяғымды түртіп көрген едім, саусақтарымды сезбедім. Үйден әкем жүгіріп шығып, жедел жәрдем шақырды. Мұндай әрекетті кім істеуі мүмкін екенін де білмеймін. Мен қақтығысқа жиі түсетін адам емеспін. Сондықтан менімен сөзге келіп қалу қиын, бұл оқиғаға дейін мені ешкім қорқытқан жоқ", - дейді зардап шеккен азамат. 

Ал дәрігерлердің айтуы бойынша бұл оқиға бұдан алдын Чапаевкада болған жарылысқа ұқсас екен. "Мұндай жағдай Чапаевкада бұдан бұрын да болды. Ол кезде де дәл осындай жарылыс болып, зардап шеккен азаматтың аяқ сүйегі жарақаттанған болатын", - дейді Сәбит Байбосынов.  

Айта кетейік, мұндай жарылыстар Чапаевка кентінде 2012 жылдан бері бірнеше рет болған. Оның бірінде Ресей азаматшасы зақымданып, ауыр дене жарақатын алған. Бұл жарылыстарды жасап жүр деген күдікпен 2013 жылы үш азамат ұсталған болатын. Ал 2014 жылдың наурыз айында ол азаматтарды айыпты деп танып, біреуін 13 жылға, қалған екеуін 14 жылға бас бостандығынан айырған. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети