Шымкентте 1935 жылы салынған жатақхана өртенді: 86 адам үйсіз қалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© otyrar.kz © otyrar.kz

8-маусымда Шымкент қаласындағы Абай ауданына қарасты Водопьянов көшесіндегі жатақханада өрт шыққан, - деп хабарлайды "Отырар"

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

8-маусымда Шымкент қаласындағы Абай ауданына қарасты Водопьянов көшесіндегі жатақханада өрт шыққан, - деп хабарлайды "Отырар"

Өртенген жатақхананың 86 тұрғыны уақытша оқу орнының жатаханасына жайғастырылды. Әзірге қанша уақыт олар мемлекеттің қамқорлығында болатыны белгісіз. Өрттен зардап шеккендердің арасында көп балалы аналар мен мүгедектер де бар

"Мұның бәрі күйінгеннен шығады. Өліп кеткенімізде қайтер едік. Абырой болғанда балаларымыздың қасында болдық. Әйтпесе қырылып қалар едік. ХІХ ғасыр деп қалай айтамыз… Берілсін үй бәрімізге…", - дейді тұрғындардың бірі.

"Осы жерде 6 бала-шағаммен тұрамын. Қыздарым 1 топ мүгедегі. Жағдайым жоқ. Өзімнің де денсаулығым жоқ. Үйден еш нәрсе қалмады, құжаттарымыздың бәрі жанып кетті, - дейді қала тұрғыны Алтынбек Асқаров.

Баспанасыз қалған тұрғындар ертеңгі күндерін ойлап шырылдайды. Оқиға орнына Абай ауданының әкімі келіп, тұрғындардың уәжін өзі тыңдады. Әзірге тек уәдемен шектеліп отыр. Бүгінге тек ыстық ас пен уақытша жататын орын ұсынатындарын ашық айтты.

"Қазір 45 пәтердің 86 тұрғыны бары анықталды. Тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Бұл кісілерді жайғастырып көмек береміз. Бұл жердегі тұрғындардың сұрап отырғаны баспана мәселесі. Енді тұрғын үй басқармасы бар, қала әкімінің орынбасарлары бар, арнайы орган қызметкерлері шақырылды. Ақылдасып, келешекте бұл кісілерге жауабын береміз. Бүгін тек 4 - колледждің жатақханасына жайғастарамыз. Қажетті киім - кешек тағы басқа заттармен көмек көрсетеміз", - дейді Абай ауданының әкімі Бұхарбай Пармнов.

1935 жылдары соғылған бұрынғы қорғасын зауытының 45 пәтерлі жатақханасының шатыры жанғаны туралы хабарлама 8 маусымда таңғы уақытта тіркелген. Тілсіз жау шамамен 1 сағат 20 минутта толық сөндірілген.

"Іздестіру, құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде екі адам құтқарылды. 103 қызметіне алғашқы көмек үшін тапсырылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Жалпы өрттің аумағы 240 шаршы метр болып есептелді", - дейді Шымкент қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Қуаныш Арсыланов.

Жанып жатқан жатақханадан 35 адам эвакуацияланды. Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 10 арнайы техникасы мен 55 адам өртті сөндіруге жұмылдырылған. Қазірге арнайы құрылған комиссия шығын көлемі мен бұл жатақхананың жарамдылығын анықтауға кіріскен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.51  course up  572.36  course up  6.34  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer