22 желтоқсан 2016 18:27

Шымкентте алаяқтық бойынша айыпталушы ер адам өзін өртеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Grani.lv © Grani.lv

Шымкентте алаяқтық бойынша айыпталушы өзін өртеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Шымкентте алаяқтық бойынша айыпталушы өзін өртеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2016 жылы 22 желтоқсанда шамамен 14.30-да Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің жедел әрекет ету орталығына Шымкент қаласы Тәуке хан көшесінде ер адамның өзін-өзі өртеу арқылы суицид жасамқ болғаны хабарланды. 

Оқиға орнына Шымкент қаласының Еңбекші полиция бөлімінің жедел тергеу тобы аттанған. Полицейлер ер адамның кім екенін анықтаған. Ол жергілікті тұрғын, 1970 жылғы азамат екені анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адамның денесінің 40 пайызын күйік шалған, қазіргі уақытта ауруханада жатыр. Осы дерек бойынша Еңбекші полиция бөлімі бірыңғай реестрге ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша тіркеген. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында өзіне қол салмақ болған адам айыпталушы екені анықталды. Биыл 15 мамырда ОҚО ІІД тергеушілері оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. ОҚО ІІД Тергеу басқармасы кешенді тергеу шараларын жүргізді, оның қорытындысында айыпталушының кінәсі толықтай дәлелденген. 2016 жылдың 9 қарашасында тергеушілер айыптау актісі бар қылмыстық істі әл-Фараби аудандық прокуратурасына заңдылығын тексерту үшін жолдады. Өз кезегінде аудандық прокуратура 2016 жылдың 18 қарашасында істі қарау үшін сотқа жолдады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети