04 желтоқсан 2019 11:10

Шымкентте әйел өзін-өзі өртеп жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте әйел өзін-өзі өртеп жіберді. Оқиға 3 желтоқсанда Тассай ықшамауданында болған. Әйелдің денесінің 80 пайызы күйіп қалған, ол ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

1988 жылғы әйел үстіне жағармай (болжаммен, бензин) затын құйып, Тассай ықшамауданындағы Юсуф Сареми көшесінің бойындағы ашық алаңда өзін өртеп жіберген. 

Ол гиперболиялық оксигенация орталығына жеткізілді. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы тым ауыр деп бағаланған. 

Нақтыланбаған мәлімет бойынша, өзін-өзі өртеуге жігітімен айырылысуы себеп болған. 

Аталған жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети