11 тамыз 2014 15:56

Шымкентте бесінші қабаттан құлаған сәби аман қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оtyrar.kz видеосының кадры. Оtyrar.kz видеосының кадры.

Шымкентте бесінші қабаттан құлаған сәби аман қалды, - деп хабарлайды Otyrar.kz. Оқиға Солтүстік ықшамауданында болды.


Шымкентте бесінші қабаттан құлаған сәби аман қалды, - деп хабарлайды Otyrar.kz. Оқиға Солтүстік ықшамауданында болды.

Сәби бірінші қабаттағы дүкеннің шатырына құлаған. Көшеден өтіп бара жатқан адам жылаған баланың дауысын естіп, төтенше жағдайлар қызметіне хабарлайды. Оқиға орнына келген құтқарушылар дүкен шатырынан баланы түсіріп алып, жедел жәрдем шақырды. Үйде жалғыз қалған үш жасар Диастың терезеден құлап кеткені белгілі болды. Ол аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

Мұндай оқиға Алматыда да болып, қайғылы оқиғаға ұласқан еді. Бес жасар бала бесінші қабаттан құлап кетіп, тілге келместен жан тапсырған болатын. Дәрігерлер оның ашық бас-ми жарақатын алғанын, сүйектерінің бірнеше жерден сынғанын анықтады. Үйде достарымен ойнаған бала терезеден әлденені қарамақ болған. Бойы жетпеген соң аяғының астына кішкентай шкафты қояды. Оған мінген кезде аяғы тайып, терезеден құлап кетеді. Құтқарушылар ата-аналарға үйде кішкентай балаларды жалғыз қалдырмауға кеңес береді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети