07 маусым 2021 09:25

Шымкентте дауыл тұрып, сегіз көпқабатты үйдің шатыры қирады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте қатты желден ағаштар құлап, сегіз көпқабатты үй мен төрт жеке тұрғын үйдің шатыры ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап. 


Шымкентте қатты желден ағаштар құлап, сегіз көпқабатты үй мен төрт жеке тұрғын үйдің шатыры ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Салдарынан Абай ауданында бір коммерциялық нысанның, әл-Фараби ауданында бір бес қабатты үйдің, Еңбекші ауданында төрт бес қабатты үйдің, Қаратау ауданында бір бес қабатты үйдің шатыры ұшып түсті", - деп хабарлайды Шымкент ТЖД өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Сонымен қатар, Қаратау және Еңбекші аудандарындағы төрт жеке үйде шатыр бұзылды.

Сондай-ақ, ағаштардың құлауынан және үйлердің шатырының қирауынан сегіз автомобиль зардап шеккені белгілі.

Желдің екпіні сағат 18.25-тен 18.36-ға дейін секундына 15-тен 28 метрге дейін болды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. ТЖД мәліметінше, қазір жағдай тұрақты.

Бұған дейін Шымкентте дауыл 1 маусымда болған. Сол кезде қала бойынша үш коммерциялық нысанның, бес көпқабатты тұрғын үйдің, екі білім беру нысанының шатыры бұзылып, олар көліктерге, ғимараттарға құлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети