02 маусым 2021 11:01

"Бала зардап шекті". Шымкенттегі дауыл үйлердің шатырын ұшырып әкетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: otyrar.kz Фото: otyrar.kz

Шымкентте дауыл соғып, үйлердің шатыры ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап. 


Шымкентте дауыл соғып, үйлердің шатыры ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап. 

Портал мәліметінше, 31 мамырда Шымкент қаласы ТЖД өкілдері 1 маусымда секундына 15-20 метр жылдамдықпен оңтүстік-батыс, батыстан жел соғатыны туралы ескерту таратқан.

"1 маусымда соққан желдің нақты жылдамдығы секундына 26 метр болды. Желдің салдарынан қала бойынша 3 коммерциялық нысанның, 5 көпқабатты тұрғын үйдің, 2 білім беру орнының шатыры ұшып, автокөліктердің, ғимараттардың үстіне құлаған. Жалпы ғимараттардың 3223 шаршы метр шатыры құлаған, 6 автокөлік зақымдалған, 2016 жылы туған бала зардап шеккен", - делінген хабарламада.

Otyrar.kz

Қаратау ауданы "Нұрсәт" шағынауданында, "Қызыл су", "Исфиджаб", "Өтеміс", "Сайрам", "Шапырашты" тұрғын алаптарында электрқуаты сөнген. Авариялық қалпына келтіру жұмыстарын Қайнарбұлақ, Сайрам аудандық электрстансалардың мамандары істеді, сағат 22:18-де бұл мекенжайларға электрқуаты қайта қосылды.

Otyrar.kz

Портал мәліметінше, апат болған барлық жерде Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жеке құрамынан 24 адам, 7 техника, "КазТрансГаз" АҚ Шымкент филиалының 3 қызметкері, 1 техникасы, "Оңтүстік Жарық транзит" ЖШС-ның 3 қызметкері, 1 техникасы, "Су ресурстар маркетинг" ЖШС-ның 70 қызметкері, 10 техникасы жұмыс атқарған.

Төтенше жағдай бойынша Шымкент қаласы ТЖ департаментінде жедел штаб құрылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Департаменттің жеке құрамы күшейтілген жұмыс режиміне ауысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети