Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Шымкентте екпеден кейін қайтыс болған қыздың өлімінің себебі анықталды

24 Ақпан 2015, 15:23
0
©voxpopuli.kz
©voxpopuli.kz

Шымкентте қызылшаға қарсы вакциналаудан кейін көз жұмған 15 жастағы қыздың өліміне не себеп болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алдын ала мәліметтер бойынша, қыз менингококк инфекциясынан қайтыс болған.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан облысында жасөспірім қыздың қайтыс болу себептерін зерттеудің алдын ала нәтижелері оған қызылшаға қарсы жасалған вакциналау емес менингококк инфекциясы себеп болғанын көрсетті. Айта кетейік, 18 ақпанда 1999 жылы туылған қызға Шымкент қаласындағы №109 орта мектепте қызылшаға қарсы екпе жасалған. 22 ақпанда жасөспірім орташа ауыр жағдайда №1 қалалық аурухананың инфекциялық бөлімшесіне жатқызылды.

"23 ақпанда науқастың жағдайы күрт нашарлап, қайтыс болды. Жансақтау шаралары жасалғанымен, нәтиже бермеген.
Осы күні ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі құрамына министрлік мамандары, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің, ҚР ДСЭДМ штаттан тыс аллерголог-иммунолог маманы кірген жұмыс комиссиясын Шымкентке жіберді. Мәйітті ашу және сот-медициналық сараптама нәтижесінде "Менингококк инфекциясы. Менингококцемия. Менингококк менингиті" алдын ала диагнозы қойылды. Барлық материалдар бактериологиялық және гистологиялық зерттеулер өткізуге жіберілді. ", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Қазақстанда жыл сайын 120-ға жуық менингококк инфекциясы оқиғалары тіркеліп, олардың 10-15 пайызы өліммен аяқталады және сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің 70 пайызынан астамы - балалар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай