1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Шымкентте мас шешесі тастап кеткен 7 айлық сәби іздестіріліп жатыр 05 қазан 2017, 12:04

Шымкент полицейлері 7 айлық сәбиді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
© pexels.com © pexels.com

Шымкент полицейлері 7 айлық сәбиді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"5 қазанда Шымкент қалалық ІІБ Қаратау аудандық полиция бөлімшесіне 1985 жылғы әйел 2017 жылдың 14 ақпанында дүниеге келген сәбиін мас күйде белгісіз бір жерде қалдырып кетіп, таба алмай жатқанын хабарлаған. Әйелдің айтуынша, ол сәбиді Қайнар бұлақ массивінде қалдырып кеткен болуы мүмкін. Сәбидің белгілері: жынысы - ұл, бойы шамамен 65-70 сантиметр, шашы ақшыл сары, орта денелі", - делінген полицияның хабарламасыняда.

ІІД мәліметінше, қазіргі уақытта ОҚО ІІД криминалдық полиция және Қаратау аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері 7 айлық сәбиді табу мақсатында қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

"Жоғалып кеткен 7 айлық сәбиге қатысты қандай да бір мәлімет білетіндерден Шымкент ІІБ Қаратау аудандық полиция бөлімшесіне 8-(7252)-47-60-02, 8-701-712-24-73 немесе 102 нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз", - деді ІІД өкілдері.