24 сәуір 2023 14:02

Шымкенттегі пәтерде әйел мен 5 бала белгісіз заттан уланып қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:otyrar.kz Фото:otyrar.kz

Шымкенттегі пәтерде әйел мен бес бала белгісіз заттан уланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.


Шымкенттегі пәтерде әйел мен бес бала белгісіз заттан уланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйел пәтер есігін ашпағаны туралы құтқарушыларға оның туыстары хабарлаған. Оқиға 23 сәуірде Шымкенттегі пәтерлердің бірінде болған.

"Оқиға орнына құтқару жасағы шықты, арнайы құралдар көмегімен есікті ашты. Пәтерден алты адам қауіпсіз жерге шығарылды: 1987 жылы туған әйел, 2005 және 2003 жылы туған қыздар, 2011, 2013, 2015 жылы туған ұлдар", - деп хабарлайды басылым.

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер мен құтқарушылар зардап шеккендерді таза ауаға шығарды, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Сараптама басталды, әйел мен балалардың қалай уланғандығы туралы нақты деректер жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети