Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Шымкенттің көтерме тауарлар қоймасындағы өрт сөндірілді

26 Ақпан 2014, 20:07
0
Шымкенттің көтерме тауарлар қоймасындағы өрт. ©tengrinews.kz
Шымкенттің көтерме тауарлар қоймасындағы өрт. ©tengrinews.kz
Шымкенттің көтерме тауарлар қоймасындағы өрт сөндірілді деп хабарлайды ОҚО ТЖҚ баспасөз хатшысы Арман Әсібаевқа сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

Өртті 26 ақпанда сағат 16.51-де сөндіріуге мүмкіндік болды. Өрт шарпыған алаң 1100 шаршы метрді қамтиды, жалынның шығу себебі қазір тексеріліп жатыр. Еске сала кетелік, азық-түлік пен автокөлік доңғалағы бар үлкен қоймадағы өрт күндізгі екілер шамасында тұтанған. Куәгерлердің айтуынша, от жалыны контейнерлерден контейнерлерге тез көшіп отырған.

Өртті екі жақтан өшіруге тырысқан. Бір тұсына 20 өрт сөндіруші жұмылдырылса, ал тағы бір жағына өрт сөндіруші пойыз келген. Өрт сөндіру кезінде теміржолдың сол араға жақын линиялары істен шыққан.

Еске сала кетелік, өткен жылдың соңында Қарағандының орталығындағы қоймада ауқымды өрт орын алған. От жалыны жалмаған алаң шамамен 200 шаршы метрді құрайды. Зиян шеккендер мен көз жұмғандар болмаған. Қойма Складская көшесіндегі өндірістік нысанда орналасқан.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай