24 мамыр 2021 14:52

СҚО-да селфи жасамақ болған оқытушы мен студент суға батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында селфи жасамақ болған оқытушы мен студент қыз суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Солтүстік Қазақстан облысында селфи жасамақ болған оқытушы мен студент қыз суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Петропавл маңындағы демалыс базасында 1994 жылы туған оқытушы әйел мен 2001 жылы туған студент қыз суға батып кетті, деді СҚО ТЖД өкілдері.

"М.Жұмабаев атындағы колледждің 4 курс студенттері кеше сағат 11:00-де "Волна" демалыс базасына барған. Барлығы - 12 адам. Олармен бірге жетекшісі болған. Сағат 16:00 шамасында олар "Сосновый бор" демалыс базасына суретке түсуге барған. Бастапқыда бәрі суда тұрып суретке түскен. Кейін көбі жағаға шыққан", - деді СҚО ТЖД өкілдері.

Департамент мәліметі бойынша, оқытушы мен студент қыз суда қалып, селфи жасамақ болған. Су белінен келген және ағын қатты болған. Олар сүрініп кетіп, екеуі де суға кеткен. Оларды құтқаруға тырысқан, бірақ нәтиже болмаған. 

Сағат 17:05-те СҚО ТЖД-ға хабарлама түсті, 18:15-те оқиға орнына жедел сүңгуір тобы барған. Мамандар екі адамды 5-7 метр тереңнен алып шыққан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети