27 наурыз 2014 11:30

Солтүстік Қазақстанда жасөспірім пойыздың астына түсіп мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаево стансасында кәмелет жасына толмаған қыз пойыздың астына түсіп, қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

"Сәрсенбі күні кешқұрым 17 жастағы қыз абайсызда жүк пойызының астына түсіп кетіп, ауруханаға барар жолда мерт болды", - делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетейік, 24 наурыз күні Алматыда теміржол қызметкері пойыздың астына түсіп қалған еді. Қайғылы оқиға 24 наурыз күні сағат 23.15-те Алматы-1 теміржол станциясындағы есепке алу паркі аумағында болды. Парк кезекшісі болып жұмыс істейтін 1962 жылы туған әйел абайсызда тұйық тұраққа қойылғалы жатқан Алматы - Маңғышлақ бағытындағы №377 жолаушылар пойызының астына түсіп қалған. Әйел сол жерде жан тапсырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети