Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Солтүстік Қазақстанда полицейлер өрттен үш адамды құтқарды

19 Желтоқсан 2014, 15:08
0
©СҚО ІІД баспасөз қызметі
©СҚО ІІД баспасөз қызметі
Оқиға орны. ©СҚО ІІД баспасөз қызметі
Оқиға орны. ©СҚО ІІД баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер өрттен екі бала мен бір ересек ер адамды құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент мамандарының мәліметінше, облыста осы аптада екі бірдей оқиға болып, екеуінде де тәртіп сақшылары ерлік жасады. Оның біріншісі Қызылжар ауданы Налобино ауылында 12 желтоқсанда болды. "Учаскелік инспектор Қанат Меңдекеевтің ұялы телефонына ауыл тұрғыны хабарласып, көршісінің үйі өртеніп жатқанын айтады. Полиция майоры өрт шыққан үйге шұғыл жетіп, үйдің іші өртеніп жатқанын байқайды. Үй маңына жиналған көршілер оған үй иесінің іште екенін хабарлайды. Меңдекеев сол арада үйдің кілттенген есігін сындырып кіреді", - делінген хабарламада. 

"Үй ішінде түтіннен демалу мүмкін болмады", - дейді Меңдекеев. Адамның ауырсынған даусын естіген ол кіреберіс бөлмеге кіргенде үй иесінің есінен танып жатқанын байқайды. Денесі күйген ол жергілікті фельдшер-акушерлік пунктке жеткізіледі. Ауыл тұрғыны бір сағат өткенде есін жинап, 45 жасқа толған туған күнін атап өтіп жатқанын хабарлады. Ішімдік ішкеннен кейін ол пеш жаққысы келген. Байқаусызда түскен шоқтан өрт шығып, үй егесі оны өшіре алмаған. 

Ал екінші жағдай Петропавл қаласында болды. "Куйбышев" аумақтық пунктінің полициясының аға учаскелік инспекторы Дәурен Ширажиевтің ұялы телефонына оған серігі хабарласып, Әуезов көшесіндегі пәтерлердің бірінде өрт болып жатқанын айтады. Полицей бұл үйге жетіп, төртінші қабатқа көтеріледі. Өрт сөндіру қызметкерлері есікті сындыруға көмектеседі. Бұл уақытта үй ішіндегі түтіннен үй егелерін бірден табу мүмкін болмайды. "Полиция майоры, абырой болғанда, асханада еденде жатқан екі баланы байқады. Оның бірін полицей құтқарса, екіншісін құтқарушы аулаға алып шықты. Таза ауаға шыққан кезде полицей мен құтқарушы төрт жасар балаға қолдан дем салды, ал оның екі жастағы інісіне дәрігерлер көмек көрсетті", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Полицейлердің айтуынша, өртенген үйден балалар ойнауы мүмкін делінген ши қалдықтары табылды. Балалар ысқа тұншыққан. 

Полиция майорлары Қанат Меңдекеев пен Дәурен Ширажиев көп жылдар бойы қызметте. Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің басшылығы ерлік көрсеткен полицейлерді үш адамның өмірін сақтап қалғаны үшін марапаттауға ниет білдіріп отыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай