06 сәуір 2016 13:14

Солтүстік Қазақстанда ішімдік ішкен екі жігіт соғыс ардагерін тонап, өлтіріп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sputnik.ru © Sputnik.ru

Солтүстік Қазақстан облысында ішімдік ішкен екі жігіт соғыс ардагерін тонап, өлтіріп кетті, - деп хабарлайды Tеngrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Солтүстік Қазақстан облысында ішімдік ішкен екі жігіт соғыс ардагерін тонап, өлтіріп кетті, - деп хабарлайды Tеngrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 24 наурыз күні Полтавка ауылында болды. Ішімдік ішкен ауылдас екі жігіт ардагерді тонау мақсатында оның үйіне барады. Ардагерді соққыға жыққан олар теледидар мен 16 мың теңгені қолды қылады. Осыдан кейін таксиге отырып, аудан орталығына кетіп қалған. Алған жарақаттары салдарынан 89 жастағы ардагер оқиға болған жерде қаза тапты.

Полицейлер осы қылмысқа барды деген күдікпен сол күні 21 жастағы екі адамды ұстады. Қазір олар тергеу изоляторында отыр. Іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу "Кісі өлтіру" бабы бойынша жүріп жатыр. Жігіттер енді 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети