25 қыркүйек 2014 19:02

Су-27 ұшағының апаты: борт жазбалары табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото mega-u.ru сайтынан алынды Фото mega-u.ru сайтынан алынды

"Бүгін, 25 қыркүйекте Су-27 ұшағы құлаған орыннан екі борт жазбасын тіркеуші табылды, - деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz  тілшісі.


"Бүгін, 25 қыркүйекте Су-27 ұшағы құлаған орыннан екі борт жазбасын тіркеуші табылды, - деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz  тілшісі.

Біреуі - ұшу өлшемдерін, яғни ұшақтың техникалық ахуалын жазып, тіркейді, ал екіншісі ауызша айтылғандарды жазып алады. Қосымша мәліметтер арнайы комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жарияланатын болады" - делінген хабарламада.

Бүгін министрлік басшысы қаза тапқан ұшқыштардың отбасына ҚР Қарулы күштері әскери қызметкерлерінің атынан және жеке өз атынан қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. "Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ҚР Қарулы әуе күштерінің ұшқыштары - подполковник Ерлан Науановтың және подполковник Денис Горбуновтың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Талантты, мықты, әрі күш-жігері асып-тасыған офицерлер өмірден өтті. Бұл біз үшін орны толмас шығын. Олар әскери істің мойындалған кәсіби шеберлері еді, оларды кез келген тапсырманы қандай жағдайда болсын жүзеге асыруға дайын нағыз ер офицерлер ретінде баршамыз танитынбыз. Бұл қайғылы жағдай бейбіт заманда да әскери кәсіп жігерлі де қайсар, мықты жігіттердің саласы екенін тағы бір рет еске салады" - дейді Серік Ахметовтің сөзін келтірген осы ведомство сайтында. 

Алдында Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасы Су-27 ұшағының апатқа ұшырау дерегіне қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің № 392-бабына, яғни "Ұшулар мен оған дайындық ережелерін бұзуға" байланысты қылмыстық іс қозғағандығы хабарланған. 

Еске сала кетейік, 23 қыркүйек күні сағат 20.42-де Алматы облысында оқу-жаттығу кезінде Су-27 ұшағы апатқа ұшырады. Әскери ұшақ Талдықорғаннан 100 шақырым қашықтықтағы Көксу елдімекені аймағына құлады. Техниканың қалдықтары апат орнынан 500 метрден артық радиусқа шашылып қалған. Су-27 ұшағын подполковник Ерлан Науанов пен подполковник Денис Горбунов басқарған.

Қорғаныс министрлігі жанынан әуе ұшағы апатының себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қазір барлық болжамдар қарастырылып жатыр. Министрліктің хабарлауынша, Су-27 ұшағы 2009 жылы Беларусь Республикасында күрделі жөндеуден өткен әрі тағы үш жылға жарамдылық мерзімі бар екен. Ұшқыштардың денесі апат орын алғаннан кейін бір тәуліктен соң табылған

"Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы" заңға сәйкес, қазақ тапқан әскерилердің отбасын бес жыл көлемінде қаржылай қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай өтемақы берілуі тиіс. Сондай-ақ үкіметтің қаулысына сәйкес, 80 АЕК (1 АЕК - 1852 теңге) көлемінде жерлеу шығыны өтеледі.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети