13 маусым 2021 13:29

"Су ағызып әкеткен". СҚО-да 8 жастағы қыздың денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

СҚО-да суға ағып кеткен сегіз жастағы қыздың денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


СҚО-да суға ағып кеткен сегіз жастағы қыздың денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін таңертең СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері өзімен жасты бауырының көз алдында су ағызып әкеткен 2012 жылғы қыздың денесін Покровка ауылынан жеті шақырым жерде Есіл өзенінен тапты.

Еске салайық, оқиға 8 мамырда Покровка ауылында болған еді. СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бала демалысқа туыстарының үйіне келген. Күндіз қыз бауырымен бірге ойнауға шыққан, ал кешке бала үйге жалғыз оралыпты. Ол қарындасының қайда екенін түсіндіре алмаған. Қыздың әжесі учаскелік инспекторға жүгініп, Төтенше жағдайлар департаментінің еріктілері мен қызметкерлері іздестіру жұмыстарын ұйымдастырған болатын.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілген. Қызды іздеу жұмыстарына азаматтық қорғау және полиция қызметкерлері, жедел құтқару жасағының сүңгуірлері, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер жұмылдырылды.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының су қоймаларында жеті адам суға батып кеткен, оның үшеуі -  бала.

Құтқарушылар суда қауіпсіздік ережелерін сақтау керегін ескертіп, арнайы бөлінген жерлерде ғана шомылуға кеңес беріп отыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SoltústіkQaz_tjm (@soltustkqaz_tjm)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети