30 наурыз 2024 13:11

Су тасқынымен күреске 6 мыңнан аса адам жұмылдырылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Midjourney Midjourney

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына байланысты кейінгі ақпараттарды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына байланысты кейінгі ақпараттарды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан және Павлодар облыстары республикалық жедел штаб бақылауында.

Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстарында 6 мыңнан аса адам, 3000 техника және ТЖМ, қорғаныс министрлігінен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, Ұлттық ұланнан 12 әуе кемелері жұмылдырылған.

Cу тасқыны басталғалы бері Азаматтық қорғаныс қызметтері күшімен 7 783 адам, оның ішінде 2 800 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілген. Уақытша қоныстану тіректеріне 3 131 адам, оның ішінде 1093 бала эвакуацияланды.

Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ұлттық ұланның әуе кемелері 644 адам, оның ішінде 236 баланы құтқарды.

ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 3,5 миллионнан аса текше метр еріген су сорылды, 300 мыңнан аса қапшық және 45 мың тонна инертті материал төселді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети