Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Су толы шұңқырлар ақтөбелік оқушыларды сабақтан қалдырды

03 Сәуір 2014, 15:55
0

Ақтөбенің Құрашасай елді мекеніндегі орта мектеп көшедегі лай толы шұңқырларға байланысты оқушыларға аяқ астынан көктемгі демалыс жариялады деп хабарлайды "Мой город".

Оқушылар сәуірдің бірінен бесіне дейін демалып жатыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қазір елді мекенде еріген қар суы толған шұңқырлардан аяқ алып жүру қиын. Жуырда мектептен баласын алып келе жатқан тұрғындардың бірі шұңқырға құлап кетті. Оны жоғарғы сынып оқушылары құтқарған.

Тұрғындардың айтуынша, ауылдағы шұңқырлар құрылысшылардың кесірінен пайда болды. Олар 2013 жылы Құрашасайға суық су мен газ өткізген, бірақ аяз басталып кетіп, жұмыс аяқсыз қалған. Жұмысшылар құбыр салынған терең орларды көміп үлгермеген. Қар еріп, жер лайланып жатқан қазіргі мезгілде адам өміріне қауіп төндіріп тұрған шұңқырлардың кесірінен оқушылар үшін демалыс жариялауға тура келді. 

Мердігерлер жер кепкен кезде құбыр орларын жауып тастауға уәде берді. Қалалық білім бөлімі жетекшісінің орынбасары Роза Тастанбаеваның айтуынша, егер 7 сәуірге дейін жағдай қалпына келмесе, оқушылардың демалысын ұзарту қажет болады. Еске сала кетейік, өткен қыста Астанада және Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында аяздың салдарынан сабақтар кейінге қалдырылған еді. Оқушылар өтпей қалған сабақтарды қосымша дәрістер есебінен игеруге мәжбүр.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай