29 қаңтар 2014 11:07

Бірнеше облыста оқушылардың сабағы тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Марат Әбілов ©Марат Әбілов

Қазақстанның бірқатар облысында мектептер сабақты кейінге қалдырды деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Қазгидромет" РМК филиалы мамандарының мәліметінше, ауа температурасының төмендеуіне байланысты 29 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы бойынша 1-9 сыныптардың алғашқы ауысымы үшін сабақтар кейінге қалдырылды. Орал қаласында сынап бағанасы 29 градус аязға дейін төмендейді, жел секундына 2 метрге жетеді. Астанада бүгін 1-11 сыныптар үшін және колледждердің алғашқы ауысымда оқитын 1-2 курстары үшін сабақ тоқтатылды. Қалада таңертең ауа температурасы 30 градус аяз болған. Alau.kz порталының хабарлауынша, Қостанай қаласында алғашқы ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушыларының сабағы кейнге қалды. Таңертең Қостанайда сынап бағанасы 28 градус аязды көрсетті, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 3-5 метрге жетті. Ал Семейде бүгін - 28 градус аяз, Курчатов қаласында - 31 градус нөлден төмен. Бұл қалаларда алғашқы ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушыларының сабағы тоқтатылды. Көкпекті елді мекенінде бүгін алғашқы ауысымда 1-11 сынып оқушылары сабаққа бармады, 11-сыныптың сабағы екінші ауысымға көшірілді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети