13 қазан 2021 17:55

Суицид жасағысы келген қызды куәгерлер құтқарып қалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорда тұрғындары, Елена Курочкина мен Дархан Жақсылықов қызды суицидтен құтқарды. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елорда тұрғындары, Елена Курочкина мен Дархан Жақсылықов қызды суицидтен құтқарды. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таңертең сағат 7.20-да полицияға Есіл өзеніндегі көпірден қыздың секіруге тырысқаны туралы хабарлама келген. Оқиға куәгері қыздың киімін шешіп, көпірдің қоршауына жақындағанын көрген.

"Әйел көпірден секіргісі келген қызды әңгімемен алаңдатуға тырысқан. Бақытымызға орай, бір жігіт жүгіріп келген. Бәрі қас қағым сәтте болған. Қыз қоршауға шығып үлгерген. Жігіт оны қолынан ұстап, өзіне тартып, тыныштандырған", - деп хабарлады полиция.

Қызды оқиға орнына келген тәртіп сақшыларына тапсырды.

"Мен ерлік жасадым деп санамаймын, жай өтіп кете алмадым. Қандай да бір себеппен қиын жағдайға тап болған адамға көмектесу - әрқайсымыздың парызымыз", - деді елорданың 28 жастағы тұрғыны.

Полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов құтқарушыларға алғыс айтып, алғыс хаттар табыс етті. Марапаттау кезінде ұлына қолдау көрсетуге Дарханның әкесі келген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети