20 тамыз 2017 12:35

Сұлулық салонынан шыққан соң із-түссіз жоғалған қарағандылық қыз Жезқазғаннан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сұлулық салонына кетіп, сол күйі үйіне оралмаған қарағандылық қыз табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сұлулық салонына кетіп, сол күйі үйіне оралмаған қарағандылық қыз табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыз Жезқазған қаласынан табылды. Оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта үйінде, қыздың қай жақта екені жайлы мәліметті Жезқазған қаласының тұрғыны хабарлады. Ол БАҚ-тарда жарияланған суреттерден қызды таныған. Жоғалып кеткен қыз оның үйінде қонақта болған екен. Әйел бірден Ырысжанның туыстарына хабарласып, мекенжайын айтқан.

"Бізге әйел хабарласып Ырысжанның оның үйіне сіңлісімен бірге қонаққа келгенін айтты. Олар сол күні сол үйде қонып, ал келесі күні жұмыс іздеуге кеткен екен. Әйел бізге мекенжайын айтты, содан Ырысжанның әкесі Жезқазғанға кетті. Қызды үйге әйелді. Қуанышқа орай, қыздың жағдайы жақсы", - деді Бекболат Нұржанов.

Сондай-ақ, қыздың неліктен ата-анасына ештеңе айтпай басқа қалаға кетіп қалғаны белгілі болды.

Ырысжанның әкесінің айтуынша, қызы осылайша өз бетінше өмір сүргісі келген.

"Ырысжан негізі әлі бала. Қызымыздың үйден осылайша кетіп қалуының себебі ол бізге көмектескісі келді. Жұмыс істеп, ақша тапқысы келді. Жалдамалы пәтерінің ақшасын өзі төлегісі келді. Түсіңесіздер ме, мен үнемі жұмыста боламын. Балаларымның қалай өсіп жатқанын мүлде көрмеймін деп айтуға болады. Бізде де несиелер бар. Ырысжан мұның барлығын көріп, түсініп отыр. Біз ақшадан қатты қиналып жатқан жоқпыз, бірақ шетелге демалуға баратын жағдайымыз жоқ. Ол биыл мектеп бітірді. Грантқа түсуге бірнеше балл жетпей қалды. Осылайша, ол бізге көмектескісі келді", - дейді қыздың әкесі.

Сондай-ақ, ол үйдегілердің қызына ҰБТ деп ешқашан қысым көрсетпегенін айтады. Ол отбасының үлкені екен. Қазіргі уақытта қыз барлығынан кешірім сұрайды.

"Біз онымен сөйлестік. Ол барлығын түсінді. Бастапқыда білім алу керектігін түсіндірдік. Оқуға түсе ме әлде жұмыс істей бере ме - оны әлі шешпедік. Қызымды іздестіруге көмектескендердің барлығына алғыс айтамын. Ақпараттық агенттіктеріңізге, полицейлер мен еріктілерге рақмет айтамыз! Мұндайды ешкімнің басына салмасын", - дейді табылған қыздың әкесі.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының 18 жастағы тұрғыны Ырысжан Нұржанова 15 тамызда салоннан шыққан күйі үйіне оралмаған еді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети