02 наурыз 2021 09:58

"Сыртынан қамап кеткен". Алматыда бес бала моншада тұншыға жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық отбасы моншаға барамыз деп күтпеген жағдайға тап болған. Онда бір сағаттан кейін балалары ауырып, бесеуінің де басы айналып, жүрегі айныған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Еуразия Бірінші арнасына" телеарнасына сілтеме жасап.


Алматылық отбасы моншаға барамыз деп күтпеген жағдайға тап болған. Онда бір сағаттан кейін балалары ауырып, бесеуінің де басы айналып, жүрегі айныған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Еуразия Бірінші арнасына" телеарнасына сілтеме жасап.

"Монша иесі төлемді 100 метр жердегі дүкенде қабылдайды. Кейін әйел бізді сыртымыздан бір жарым сағатқа жауып кетті. Бір сағат өтпестен баламның басы айнала бастады. Содан кейін қалған балалар да әлсірегенін айтты. Әйелім бірден есікті қағып, айғайлап, монша иесін шақырды", - деді қала тұрғыны Мұса Қосмұратов.

"Алдымен монша іші ыстық болғаннан жағдайы нашарлады ма деп ойладым. Бірақ кейін олардың бәрі басы айналып, жүрегі айнығанын айтты. Сонда ғана не болғанын түсіндік. Сол жерден шыға алмай, өліп қаламыз ба деп ойладым", - дейді Бақыт Қыдырбекова.

Монша ішінен естілген айғайдан дүкен қызметкері жүгіріп келген. Ең кішісінің жаса үште ғана. Балалар дереу ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалады. Қазір олардың жағдайы тұрақты. Оқиға болған жерге төтенше жағдайлар қызметі барды. Бар гәп мұржада болып шықты.

"Жылыту қазандығының мұржасы бітеліп, желдеткіші істемей қалған", - дейді құтқарушылар.

Газ тарату ұйымының өкілі Әсел Тұрғымбаеваның айтуынша, газбен жабдықтау туралы заңға сәйкес, газ жабдықтары жарамдылығы мен техникалық жағдайына үй иесі жауапты. 

Мамандар мәліметіне сүйенсек, монша бұрын тексеріліп, газ құрамын анықтайтын қондырғылар орнатуға нұсқау берілген. Қазір монша жабық, ал полицейлер балалардың улануына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети