1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Талдықорғанда колледж студентінің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр

Талдықорғанда гуманитарлық колледжде 17 жастағы студент қыз сабақ кезінде үшінші қабаттан секіріп кеткен. Қыз бала ауруханаға бара жатқан жолда ес жимастан қайтыс болды. Қайғылы ақпарат 31 қаңтарда әлеуметтік желіде тарала бастады, - деп хабарлайды Polisia.kz

Облыстық полиция департаменті осы дерекке қатысты тергеу шараларын бақылауға алды. "Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 2-бөлігі ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша жүріп жатыр", - делінеген Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Экспресс-К" газетінің мәліметінше, студент қыздың есімі Самал Елекен болған. Қыздың құлаған сәтін аудиториядағы бейнебақылау камералары түсіріп алған. Лекция кезінде ол орнынан тұрып, терезеге жақындап, оны ашып, артқа қарап отырып құлап кеткен. 

Полицейлер қазіргі уақытта білім алушылар мен мұғалімдерден жауап алып жатыр. Курстастарының айтуынша, Самал таңертеңнен бері өзін жайсыз сезінген.