30 қараша 2014 19:07

Талдықорғандағы газ жарылысынан қаза болғандар отбасына бір миллион теңгеден беріледі

"Төтенше жағдай салдарынан қаза болғандар отбасына 1 миллион теңгеден беріледі", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Талдықорған қаласының әкімі Ғалымұрат Жүкелдің баспасөз қызметкерінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Әрбір отбасы бір миллион теңгеден алатын болады. Ал газ жарылысынан жарақат алғандарға 500 мың теңдеген беріледі.Қаржы облыстық бюджеттен бөлінбек. Сонымен қатар, бір айдың көлемінде қираған үйді толығымен қалпына келтіреміз. Тағы бір айтарлығы, қаза болғандарды жерлеуге де облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып отыр", - дейді Ғалымұрат Жүкел. Қала әкімі оқиға орнына облыс әкімі Амандық Баталов келіп, бірқатар шұғыл тапсырмалар бергендігін де атап өтті.
Айтакетейік, Талдықорған қаласы маңындағы Еркін ауылында осы түнде газ жарылып,салдарынан жеті адам қаза болған еді. Біреуі – бала.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram