23 сәуір 2023 08:51

Талғар мектептерінің біріндегі кабиналарында есік жоқ дәретхана видеоға түсірілген

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғар мектептерінің бірінде кабиналарында есік жоқ дәретхана видеоға түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Талғар мектептерінің бірінде кабиналарында есік жоқ дәретхана видеоға түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram-да kris_p_talgar_2 парақшасында жарияланған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Талгар ▪️ Талгарский район (@kris_p_talgar_2)

Желі қолданушылары дәретханада неге есік жоқ екеніне түрлі болжам жасаған:

"Балалардың қауіпсіздігі үшін есіктер алып тасталған шығар".

"Балалар, сындырып тастаған шығар. Кеше жалпы мектеп жиналысында болдым, қыркүйекте мектепке есіктер орнатылды, бірақ бәрі сынған".

"Иә, есіктер жақында сынған, балалар құлыптарын жұлып алды. Бұл жоғары сынып оқушыларына арналған дәретханалар, олар есіктің топсасын жұлып алды. Қазір есіктер қалпына келтірілді".

"Маған бірінші сынып оқушылары аша алмаған соң алып тасталғаны айтылды".

"Төбелеске жол бермеу үшін".

Мектеп әкімшілігі бұл туралы әлі пікір білдірмеген. Бірақ әлеуметтік желіде жазбаға Алматы облысы прокуратурасы өкілдері жауап берді.

"Ақпарат үшін рахмет, бұл мәселе Талғар ауданының прокуратурасына тапсырылды", - делінген ведомствоның видеодағы пікірінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети