29 шілде 2023 17:00

Талғарда екі бала әжетхана шұңқырынан шыға алмай қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 5region.kz © 5region.kz

Талғар ауданы Амангелді ауылында даладағы әжетханадан ұл мен қыз бала құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Пятый регион" басылымына сілтеме жасап.


Талғар ауданы Амангелді ауылында даладағы әжетханадан ұл мен қыз бала құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Пятый регион" басылымына сілтеме жасап.

Алдымен үш жасар бала дәретханаға құлап кеткен, әкесі оны 10 жастағы қызының көмегімен құтқаруды ұйғарған, бірақ екі баласын көтере алмай, құтқарушыларды шақырған.

"28 шілдеде сағат 18:45-те Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Талғар ауданы Амангелді ауылында Әл Фараби көшесінің бойындағы әжетханаға бала құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті", - делінген ТЖД хабарламасында.

Оқиға орнында құтқарушылар мән-жайды анықтап, балаларды шұңқырдан алып шықты.

"Оқиға орнына жеткенде 2020 жылы туған бала шұңқырға (әжетхана) құлап кеткені, ал әкесі оны құтқару үшін 2013 жылы туған қызын арқанмен шұңқырға түсіргені анықталды. Бірақ ол екі баланы шығара алмаған. Сағат 18:54-те үш қызметкер мен ТЖД техникасының күшімен балалар шұңқырдан шығарылды. Жедел жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетті", - деді құтқарушылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети