Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Таразда 12 жастағы бала әкесінің көлігін айдап кетіп, видеоға түсіп қалған 17 мамыр 2023, 17:25

Таразда 12 жастағы бала әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

видео кадры

Таразда 12 жастағы бала әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жасы кәмелетке толмаған баланың Subaru автокөлігін басқарған бейнежазбасы анықталды.

"Автокөлік иесі анықталды. Көлік иесінің айтуынша, баласы көлікті рұқсатсыз айдап кеткен. Оның бейнежазбаны әлеуметтік желіге салғаны туралы білмеген", - делінген хабарламада.

ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК айыппұл салынды. Көлік арнайы айыптұраққа қойылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті