31 наурыз 2018 13:04

Таразда 21 жастағы жігіт үшінші сынып оқушысын зорламақшы болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© spb.aif.ru © spb.aif.ru

Таразда 21 жастағы жігіт оқушы қызды зорламақ болған, деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.


Таразда 21 жастағы жігіт оқушы қызды зорламақ болған, деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, Таразда тал түсте оқушы қызға азғындық жасамақ болған азамат қолға түсті. Айуандық әрекетке барғысы келген 21 жастағы жігітті жергілікті такси жүргізушісі мен оқушы қыздың ұстазы бірігіп ұстаған. Ақыры қашып құтылмасын білген ол арам ойының болғанын мойындады.

"Әлеуметтік желіде №8 мектепте оқитын үшінші сынып оқушысын зорламақ болды деген күдіктінің суреті жарияланған. Ертеңіне оның көшеде жүргенін сол оқушының мұғалімі көріп қалады. Жігітті жалғыз өзі қолға түсіруге әлі келмейтінін білген соң, ұстаз көшедегі таксистен көмек сұрайды. Бекболат Досанов сөзге келмей бірден көлігіне отырып, күдіктінің ізіне түседі. Қашамын деп әбден шаршаған жігіт ақыры ұсталған", - деп хабарлады тілші.

"Ол соңынан ары-бері қуалаған соң, әбден шаршап қалған. Қолынан ұстадым да, қолын бұрап машинаның терезесіне қыстырып, сөйтіп артқа жүріп көшеге алып шықтық", - деді Бекболат Досанов. 

Ал күдіктінің өзі қолға түскен кезде оқушы қызға азғындық көрсетіп, арам ойын жүзеге асырғанын айтады. Бірақ мектеп директоры болса, шәкіртім жәбір көрген жоқ, оған медициналық тексерулер дәлел, дейді. Білім ордасы басшылығының айтуынша, үшінші сынып оқушысын жақындары мектепке жеткізбей, жарты жолда қалдырып кеткен. Дәл сол кезде 21 жастағы күдікті жеткіншекті тұншықтырып, подьезге сүйреген. Куәгерлер көріп айғай салған соң, арам пиғылы іске аспай қашып кеткен. Қазір күдікті ұсталған кездегі бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түсіп жатыр. Көбі ұсталған азаматтың ақыл-есінде ауытқушылық болуы мүмкін деген пікірді алға тартуда.

"Енді екі қыз көріп қалмаған кезде бәрі де мүмкін еді. Бірақ бақытымызға, қуанышымызға орай, ондайдың алдын алдық деп айтуға болады", - деді Тараз қалалық №8 гимназия директорының міндетін атқарушы Әлішер Әзімбай.

Расымен де қамауға алынған жігіттің жүйке жүйесі ауруханасында 10 жылдан бері тіркеуде тұрғаны анықталыпты. Қазір ол қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ал зәбір көрген қызбен психолгтар жұмыс істеп жатыр. Осы оқиғадан кейін Тараздағы мектептерде тәртіп күшейтілген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети