Таразда бес қабатты үйдің балконы опырылды

19 Желтоқсан 2018, 17:29
0
Таразда бес қабатты үйдің балконы опырылды - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Таразда өткен демалыста құлап кеткен балконды қайта қалпына келтіруге уәде берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

16 желтоқсанда Таразда көпқабатты үйдің бесінші қабатында орналасқан пәтердің балконы құлап кетті. Қирандылар үй алдындағы алаңға түсті. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Осы күні өалада жел тұрған. Осыған дейін ТЖ департаменті желдің күшейетіні туралы, секундына 28 метр болатыны туралы хабарландыру таратқан еді. 

Қазіргі уақытта, балконы құлап кеткен пәтерде ешкім тұрмайды. Оқиға орнына ТЖ департаменті және қалалық полиция өкілдері барған. Құлаған конструкция газоблоктардан жасалған. 

 
© Tengrinews.kz 

Шенеуніктердің мәліметінше, балконды қалпына келтіріп жатыр екен. 

"Үй толықтай жоба бойынша салынған. Өз кезінде комиссия оны қабылдады. Біз басқа да пәтерлерді қарап шықтық, олар да жобаға сәйкес салынған. Қазіргі уақытта онда мамандар жұмыс істеп жатыр, соның нәтижесінде олар кәсіби қорытындысын шығаратын болады. Олар балконның не себепті құлағанын анықтайды. Бүгін кешке, не ертең таңғы уақытта балкон қайта қалпына келтіріледі. Онда мердігер компания жұмыс істеп жатыр", деді Тараз әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы Марат Серкікбаев. 

Сонымен қатар, ол осы үйдің төрт жыл бұрын қолданысқа берілгенін айтты. Ол үйдің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының балансында екенін айтты. Қазіргі уақытта бес қабатты үйде аз қамтылған отбасылар, балалар үйінің түлектері және көпбалалы отбасылар тұрады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

В Таразе в 13 мкр упала лоджия хотят замять

Публикация от Жесть в Казахстане (@zhest_kz)

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай