Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Таразда жылу құбыры жарылды

19 Қазан 2015, 18:21
0
© vk.com/sunnytaraz
© vk.com/sunnytaraz

Таразда жылу құбыры жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Сатпаева тонет" - осындай атаумен Тараз тұрғындары ВКонтакте әлеуметтік желісінде ролик таратты. Видеодан жердің астынан ыстық судың қалай атқылап жатқанын анық көруге болады.

Жамбыл облыстық ТЖД мамандарының хабарлауынша, 19 қазан күні сағат 12.20-да диспетчерлік қызметке жергілікті тұрғындардан қоңырау түскен. Олар Сатбаев көшесінде ХҚКО-ға қарама-қарсы жерде жылу құбырының жарылғанын және ыстық судың атқылап жатқанын айтқан. "Біздің мамандар оқиға орнына жеткенде ол жерде "Тараз Транс Энерго" қызметкерлері жұмыс істеп жатты, олар жарты сағаттың ішінде суды тоқтатты", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, қоңырау шалынғаннан кейін екі сағаттың ішінде апаттық жағдайдың толықтай жойылғаны анықталды. Ведомстводағылардың сөзіне қарағанда, төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай