13 сәуір 2017 13:18

Таразда күшті дауыл тұрды: Ағаштар құлап, бағдаршамдар істен шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Таразда түннен бері жел соғып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Таразда түннен бері жел соғып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыс орталығында кеше қатты жауын-шашын болып, түнгі уақытта тоқтаған. Алайда таңға қарай жел соға бастаған. Қалада бірнеше ағаш құлаған. Қарағаш құлап, Абай көшесіндегі қозғалысты тоқтатқан. Қаланың кейбір жерлерінде жарық өшіп қалған. Кейбір бағдаршамдар да жұмыс істемей тұр.

Қазіргі уақытта облыс орталығында бірнеше бригада жұмыс істеп жатыр. Олар жол бойында жатқан ағаштарды алып тастап жатыр. Жел әлі де соғып тұр. Айта кетейік, жақында облыстық ТЖД дауылды ескерту жариялаған болатын.

Синоптиктер Жамбыл облысында 13 сәуірде таңертең және күндізгі уақытта жаңбыр күтіледі, ал күннің екінші жартысында қар аралас жаңбыр болады деп болжаған еді. 14-15 сәуірде ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендейтіні айтылған болатын.

"13 сәуірде қатты жауын-шашынға байланысты Жамбыл облысындағы өзендерде қар мен жаңбыр суы тасып, су басуы мүмкін", - делінген еді хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети