15 маусым 2021 17:07

Таразда мектеп түлектері жол ережесін өрескел бұзған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда мектеп түлектері жол қозғалысы ережелерін бұзып, қауіп туғызған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Таразда мектеп түлектері жол қозғалысы ережелерін бұзып, қауіп туғызған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған кортежді анықтады. Көлік тізгінінде кәмелет жасқа толмаған жүргізуші және салонда бір топ мектеп бітіруші түлек болған.

"Жүргізуші ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі "Көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқаруы" және ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді полиция өкілі.

Сондай-ақ, кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне қатысты ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі "Көлік құралын басқаруды құқығы жоқ адамға беру" бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети