1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Телефонын қуаттаймын деп қайтыс болған қыздың әкесі оқиғаның мән-жайын айтты30 қыркүйек 2020, 08:50

Алматы облысы Қарғалы ауылында 15 жастағы Ақерке Өмірбаева телефон арқылы сөйлесіп жатқанда қайтыс болған. Қайғылы жағдайдың мән-жайын қыздың әкесі айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Әкесінің айтуынша, кешкі астан кейін қызы бөлмесіне кеткен, ал 10 минуттан кейін ес-түссіз жатқаны анықталған. Жедел жәрдем бригадасы көмекке ұмтылғанмен, қыздың жүрегі тоқтап, көзі жарықты сезбеген.

"Қуаттағыш арқылы ток жоғары қысыммен өткен және ұялы телефон арқылы оған соққан. Беті, құлағы арқылы. Ол бірден есінен танып қалған. Сарапшы дәрігердің айтуына қарағанда, өлім бірден болған. Қорытындыда: жүрек қарыншасының бүлкілдеуі деп жазылған. (...) Ток қолы арқылы өткенін күйіктен білуге болады: телефонды оң қолымен ұстаған. Үлкен және сұқ саусағы, беті, мойны мен құлағының артында күйген із бар", - деді әкесі Ақылжан Өмірбаев.

Телефон балқып кеткен. Сарапшылар қуаттағышымен қоса техникалық сараптамаға алған. Қайтыс болған қыз қуаттағышты жергілікті базардан 3 000 теңгеге сатып алған.

Еске салайық, 26 қыркүйек кешкі сағат 22.00-де Алматы облысы Жамбыл ауданында электр тогының соғуы салдарынан 15 жастағы жергілікті тұрғын қайтыс болғаны хабарланған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Алматыда күн суытады