НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАУ. 19 НАУРЫЗ

Теміртауда баланы қылғындырған тәрбиеші сотталып жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында балабақшада баланы ұйықтату үшін қылғындырған тәрбиешіге қатысты іс қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында балабақшада баланы ұйықтату үшін қылғындырған тәрбиешіге қатысты іс қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша ("Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау") айыпталған Пірмеханова Үмітке қатысты іс қаралып жатыр", - деді судья Кеменгер Имашев.

Теміртаудағы жекеменшік "Домик" балабақшасының тәрбиешісіне 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл, түзеу жұмыстары немесе 75 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. Алайда зардап шеккен қыздың анасы мұны жеткіліксіз деп санайды.

"Біз барынша қатаң жаза берілуін талап етеміз. Істі басқа бап бойынша қарастырғанын қалаймыз. Біздің ойымызша бұл жеңіл жаза. Мұндай әрекет жасаған адам жазасын өтеуі тиіс. Қазір қызымда проблемалар пайда болды. Дұрыс ұйықтамайтын болды. Ашушаң болып кетті. Бірақ біз оны құжатпен дәлелдей алмаймыз, себебі бала әлі кішкентай. Бүгінде сонда баланы қылғындыруға болады да, бірақ ол адамды жазалау қиын екен. Балада ауытқулар бар екенін дәледеу үшін оны бір айға психиатрлық диспансерге жатқызу керек. Және оны бір жыл уақыттан соң жасау қажет. Сондықтан біз қазір ештеңені дәлелдей алмаймыз", - дейді қыздың анасы.

Анасының айтуынша, қазір қызы басқа балабақшаға барып жүр. Бірақ бойында белгісіз үрейлер пайда болған екен. Қазір қызы 2,2 жаста.


© Tengrinews.kz

Еске сала кетейік, мұның алдында Теміртауда тәрбиешінің баланы ұйықтату үшін қылғындырғаны жайлы хабарланған болатын. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода әйелдің төсекте жылап жатқан баланың қасына барып, оның басын көрпемен орап жатқанын көруге болады. Бұл видео Желі қолданушыларын шулатып, бірнеше сағаттың ішінде мындаған пікір қалдырылған. Алайда біраз уақыттан кейін ол видео өшіріліп тастады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 500.67  course up  546.52  course up  6.04  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer